Дзюдодан Түркияның Самсун қаласында өткен Гран-При халықаралық турнирінде қазақстандық спортшы Ислам Бозбаев қола жүлде еншіледі. Бұл туралы ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін Ислам Бозбаев жеребе тарту нәтижесі бойынша екінші айналымнан өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Алғашқы кездесуінде ол Ирак балуаны Алькурайши Шихабты ұтты, екінші белдесуінде нидерландтық Елмонт Гюлаумнен басым түсті. Жартылай финалға жолдама алу үшін ол Сербия спортшысы Александр Куколжден жеңіліп, жұбаныш белдесуінде словакиялық Рандл Миланды жеңді. Үшінші орынға күрес кезінде Ислам Бозбаев израйльдық Кохман Лиден басым түсіп, турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.
Айта кетейік, Ислам Бозбаев 2013 жылдың күзінде аяғына оқ тиіп, жарақат алған болатын. Жазатайым жарақат салдарынан 2014 жылғы ірі додаларға қатыса алмады.
Сурет: confederation.kz
Ұқсас жазбалар