Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Акбербаев (15-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымы (IBO) тұжырымындағы алғашқы ауыр салмақтағылар рейтингінде 31 орынға көтерілді, – деп хабарлайды Bnews.kz.
Отандасымыз соңғы кездесуін 2015 жылдың 1 наурызында Германияның Гамбург қаласында аргентиналық Рубен Анхель Миноға қарсы өткізіп, алғашқы раундта-ақ нокаутпен ұтты. Акбербаев осы бір раундтың ішінде қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді.
Сонымен, осы жеңісінен кейін IBO Intercontinental тұжырымының чемпионы Иса Акбербаев Global Boxing Council тұжырымының да белбеуін иеленіп отыр.
IBO-ның жаңартылған рейтингінде Акбербаев 50-орынға тұрақтады. Алғашқы ауыр салмақта сынға түсіп жүрген тағы бір қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов бұл рейтингте 17-орында тұр.
Акбербаев келесі кездесуін 2015 жылдың 11 қыркүйегінде Лондонда өткізеді, оның қарсыласының есімі әзірге белгісіз.
сурет: sk-sport.kz