Иньеста "Барселонаның" келісімінен бас тартты

Жұлдыз FM Корреспондент
Жұлдыз FM>
Иньеста "Барселонаның" келісімінен бас тартты

Испания ұлттық құрамасы мен "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста каталондық клубтың келісімінен бас тартты деп хабарлайды Marca.

БӨЛІСУ

Жаңа келісімшартта көрсетілгендей, каталондық клуб 29 жастағы ойыншыға жылына 12 миллион еуро төлеуге дайын болған-ды. Сыйақыны есепке алсақ, бұл қомақты қаржы мөлшері 15-16 млн еуроға жетіп қалады. Жаңа келісімшарт бойынша Иньеста "Барселона" сапында аргентиналық ойыншы Лионель Мессиден кейінгі ең жоғары жалақылы футболшыға айналар еді. 

«Барселона» Иньестамен арадағы келісімшартты 2018 жылға дейін созғысы келеді. Жақын арада каталондық клуб 2002 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан жартылай қорғаушыға әлдеқайда тиімді ұсыныстармен жаңа келісімшарт ұсынып көрмек.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: marca.com