"Илья Ильин мен үшін чемпион болып қала береді" - Назарбаев

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Илья Ильин мен үшін чемпион болып қала береді" - Назарбаев

Мемлекет басшысы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенін аралау барысында ауыр атлет Илья Ильинмен әңгімелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Ақорданың баспасөз қызметі Instagram желісінде жариялады.

БӨЛІСУ

"Мен өзіне де айтқанмын, ол мен үшін чемпион болып қала береді", - деді Мемлекет басшысы Ильинге.

Қазіргі уақытта Ильин АҚШ-та білім алып жатыр, тіл меңгеріп, спорт менеджментін оқу үстінде. Ал қолы бос уақытта штаттарға барып, ауыр атлетикамен айналысатындарға шеберлік дәрістерін өткізеді.

Айта кетейік, 2016 жылдың 23 қарашасында Халықаралық Олимпиада комитеті Илья Ильинді допинг қолданды деген айыппен Бейжің (2008 ж) мен Лондондағы (2012 ж) алтын медальдарынан айырған еді. Ал қанша жылға спорттан шеттетілгені жайлы әлі нақты шешімді жариялаған жоқ.