Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің де басы дауға қалып отыр. Италияның OAsport.it сайты ауыр атлеттің Лондон Олимпиадасындағы сынамасы оң нәтиже бермегенін жазған.
Қазіргі таңда 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған спортшылардың сынамалары қайта қаралып жатыр. Осыған дейін ауыр атлетика спорты бойынша екі Олимпиадада 10 спортшы допинг қолданғаны туралы айтылған болатын. Оның ішінде біреуі Пекин Олимпиадасында, төртеуі Лондон Олимпиадасында топ жарған спортшылар екені де хабарланған еді. Осыған дейін қытайлық басылым соның бірі ретінде Зульфия Чиншанлоның есімін атаса, бүгін бұл қатарға Илья Ильин де қосылып отыр.
Италиялық сайттың жазуы бойынша, спортшылардың допинг қолданғаны анықталса, Лондон Олимпиадасындағы алтын медальдарынан айырылып қана қоймай, Рио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігінен де айырылатын болады. Әзірге ХОК ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Не де болса әліптің артын бағайық.