Илья Ильин әлемнің ең үздік ауыр атлеті атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Илья Ильин әлемнің ең үздік ауыр атлеті атанды

Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин 2014 жылғы әлемнің үздік зілтеміршісі атанды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының жыл сайынғы дауыс беру шарасының қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші ер спортшылар арасында теңдессіз деп танылды.

БӨЛІСУ

Илья Ильин үшін 2014 жыл сәтті болды. Алматыда өткен әлем чемпионатында 105 келі салмақта сынға түсіп, бас жүлде алды. Ол сайыс барысында тек бірінші орын алып қана қоймай, серпе көтеруде 242 келіні бағындырып, әлем рекордын жаңартты. Жаңа салмақтағы басты қарсыластарынан басым түсті. Бастысы – жанкүйерлерінің алдында намысты қолдан бермей, алтын медальды жеңіп алды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми сайты хабарлағандай, отандасымыз ер спортшылар арасында үздік болып танылса, әйелдер арасында әлемнің үздік зілтеміршісі атағы ресейлік Татьяна Каширинаға бұйырды. Бұл спортшы да Алматыда өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген болатын. 75 келіден жоғары салмақта бақ сынайтын спортшы 2014 жылы өткен әлем чемпионатында бес бірдей рекорд орнатқан еді.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан 2015 жылғы әлем чемпионаты АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтеді. Бұл додаға Илья Ильин қатыспайтынын осыған дейінгі сұқбаттарында хабарлаған болатын. Сыр өңірінің толағайы қазір Лондонда ағылшын тілін үйреніп, білімін жетілдіруде. Сонымен қатар, жаттығу жұмыстарын да жүргізуде.

Отандасымыздың жетістігімен барша қазақстандықтарды құттықтаймыз!

Сурет: iwf.net

Оқи отырыңыз

Илья Ильин Лондонда шеберлік сабағын өткізді

Илья Ильин: Ағылшын тілін үйреніп жүрмін

Илья Ильин жаттығу жұмыстарын бастады