Ильин мен Чиншанло Токио Олимпиадасына қатысуы мүмкін - Ни

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ильин мен Чиншанло Токио Олимпиадасына қатысуы мүмкін - Ни
Фото ©️ vesti.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Алексей Ни Илья Ильиннің келесі Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

БӨЛІСУ

- Жасы келген спортшылардан қазір бізде Илья Ильин бар. 29 жаста. Қазір біз Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімін күтіп отырмыз. 6 қазан күні Ильиннің ісіне байланысты отырыс өтті. Сондықтан шешім шығар күн жақын. Оң нәтижесін береді деген сенімдеміз. Ильяның әлем чемпионатында көріп қалатын шығармыз сонда. Тіпті ол Токиодағы Олимпиада ойындарына да қатысуы мүмкін. 

Зульфия Чиншанлоға байланысты шешім де оңынан шешілетін болса, ол 2018 жылдың 25 мамырынан бастап жарыстарға қатыса алады. Егер Азия ойындары туралы мәселені федерация шешетін болса, онда екеуі де Азия ойындары мен Олимпиада ойындарына қатыса алады", - дейді Ни. 

Еске салайық, Илья Ильиннің допинг қабылдағаны туралы шешім шығып 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. Бірақ оны спорттан шеттету туралы шешім әлі шыққан жоқ. 

Сонымен қатар осы допинг дауына байланысты Зульфия Чиншанло 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдесінен айырылған еді. Оның жаза мерзімі 2018 жылдың 26 мамырында аяқталады.

Айта кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Майя Манеза мен Зульфия Чиншанлоны екі жылға спорттан шеттетсе, Светлана Подобедованы сегіз жылға спорттан қол үзлдірген еді.