Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын «Барыс» Астанада Нижегородтың «Торпедо» клубын жеңді. Ойынға екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ат басын бұрып, қазақстандық клубқа жанкүйерлік танытты.
Бірінші кезеңді Дастин Бойдтың соққан шайбасының нәтижесінде «Барыс» жеңіспен аяқтады. Екінші кезең нәтижелі өтті. Алдымен астаналық клуб сапынан Майк Ландин мен Константин Романов гол соқса, «Торпедо» қатарынан Артем Аляев пен Максим Осипов мергендігімен көзге түсті.
Үшінші кезеңді «Барыс» айқын жеңіспен аяқтады. Константин Пушкарев ойыншы басымдығын оңтайлы пайдаланса, ойын соңына қарай Дастин Войд нәтижені 5:2-ге жеткізді.
«Барыс» 19 қаңтар күні құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өткізеді. Астанада Минскінің «Динамо» клубымен ойнайтын болады.