Францияның батыс аймағында орналасқан өзінің дәмді тағамдарымен танымал мейрамханалардың бірінде менюде футболдан ПСЖ және Швеция құрамасының ойыншысы Златан Ибрагимовичтің құрметіне «Златан бургер» тағамы пайда болды. Бұл жөнінде УЕФА-ның ресми сайты хабарлайды.
БӨЛІСУ
Аспазшының айтуынша, аталған тағам Швеция құрамасы капитанының жаратылысына сай келетін дәмге ие-міс. Бұдан бөлек, «Златан бургер» бағасының қымбаттылығымен де ерекшеленеді – мәзірде пайда болған жаңа тағам мейрамхананың басқа астарынан екі есе қымбат екен.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: sport-xl.net