ПСЖ шабуылшысы Златан Ибрагимович "Барселонада" бірге жұмыс істеген "Баварияның" бас бапкері Хосеп Гвардиоланы қатты сынап тастады.
"Ол ғажап бапкер, бірақ ол қорқақ. Ол еркек емес. Ол Месси үшін мені құрбан етті, бірақ оны айтуға маған батылы жетпеді. Месси - ғажап ойыншы, бірақ ол Гвардиоланың еркесі болатын. Ол кезде Месси аз гол соға бастады және орталық шабуылшы болып ойнағысы келетіндігін айтып, шағымданып жүрді. Бұл өз кезегінде менің кетуіме себепші болды.
Гвардиола неге "Баварияны" таңдады? Ол жақта бәрі Гвардиоласыз-ақ тамаша жұмыс істеп тұрды. Дайын команда да болды. Ол жаңа ойыншыларды сатып алды, бірақ олар "Баварияға" керек емес еді. Моуринью Гвардиолаға қарағанда қандайда бір рөл ойнамауы қажет. Гвардиола болса мінсіз болуды қалайды. Бірақ өмірде өте оңды адам болмайды. Әрбір адамның бойында кемшіліктер бар", - дейді Ибрагимович.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: sport-xl.net