Француздық «Пари Сен-Жермен» командасының швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович 2012/13 жылғы футболдан Франция біріншілігінің үздік футболшысы атанды.
Бұл маусымда Ибрагимович «ПСЖ» командасымен Францияның чемпионы болды. Сондай-ақ, Златан 29 нәтижелі соққысымен Лига 1 деп аталатын Франция біріншілігінің үздік сүрмергені атағын да ұтып алды.
Ал жылдың үздік бапкері атағын «ПСЖ» командасының бас бапкері Карло Анчелотти мен «Сент-Этьен» командасының бас бапкері Кристоф Галтье екеуара бөліп алды.
Маусымның үздік қақпашысы ретінде тағы да париждік команданың бағана күзетшісі Сальваторе Сиригу үздік деп танылды.
Лига 1-дің үздік жас ойыншысы атағы биыл «Бастия» командасының жас та талантты ойыншысы Флориан Товинге берілді.
2012/2013 жылғы Франция біріншілігінде соғылған үздік гол ретінде «Эвиан» ойыншысы Сабер Хелифтің соққан голы танылды.
Дайындаған: Улихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz