"2014 жылы Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионаты Роналдудан гөрі мені көбірек қажетсінеді",-деп Златан мәлімдеме жасаған. Бұл туралы британдық Daily Mail басылымы хабарлауда.
Ойыншының өз сөзіне сенсек, жанкүйерлер алдында барынша әдемі голдарды соғып, көпшілік ықыласын керемет көңіл-күйге бөлейтінін жасырмаған.
"Менің ойымша, Әлем чемпионаты Роналдудан гөрі мені көбірек қажетсінеді. Мен көрермендерге көктен күткен көңіл-күйлерін сыйлар едім және өзім соққан голдарды өзге ешкімнің соға алмасын білемін. Роналдуды ойыншы ретінде құрметтеймін. Ол үздіктердің қатарында" - деген Ибрагимович.
Бүгін кешкісін Әлем Чемпионатына жолдама алуға Португалия мен Швеция құрамалары кездесу өткізеді. Қарымта ойын 19 қараша күні Стокгольмде болады.
Естеріңізге сала кетсек, Златан өткен жолғы бір сөзінде Португалия құрамасының басымдылығын, бірақ Әлем чемпионатына баруға Швеция құрамасы лайықты тер төккенін айта кеткен болатын.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: dailymail.co.uk