Әлем Чемпионатында В тобының кезекті кездесуінде Қазақстан құрамасы Латвия ерлеріне жол берді - 4:5.
Кездесудің екінші минутында латыштар сапынан Микс Индрашис Виталий Еремеев қорғаған қақпаға жол тапса, көп ұзамай құрама сапынан Талғат Жайлауов пен Евгения Рымарев қарсы жауап қайтара алған болатын. Екінші бөлікте латыштар басымдылықты қайта өз қолдарына алып, Артурс Кулда екі жолы көзге түссе, Микелис Редлихс бір жолы өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Жиырма минуттықтың соңында Николай Антропов таразы басын теңестіре түсуге оңтайлы жағдай жасап беріп, өз кезегінде Евгений Блохин мүлт жібермеді.
Кездесудің шешуші соққысын ойын аяғында Юрис Шталс жасады.
Естеріңізге сала отырсақ, бүгін кеште біздің ерлер Ресей құрамасымен жолығысады.
Қазақстан — Латвия 4:5 (2:1, 2:3, 0:1)
Шайбылар:
0:1 — 01:15 Индрашис (Шталс, Редлихс).
1:1 — 04:43 Жайлауов (Семенов, Краснослободцев).
2:1 — 19:45 Рымарев (Савченко, Антропов).
2:2 — 23:41 Кулда (Редлихс, Кенинс).
2:3 — 29:51 Кулда (Индрашис).
2:4 — 34:07 Редлихс.
3:4 — 39:11 Антропов (Даллман).
4:4 — 39:55 Блохин (Антропов).
4:5 — 43:22 Шталс (Гальвинш).
Қақпашылар: Еремеев — Масальскис
Штраф: 8:18 (0:6, 6:10, 2:2).