Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Братиславада (Словакия) өткен Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады. Отандастарымыз топта таласқан жалғыз жолдаманы иелене алмады, - деп хабарлайды msports.kz.
Топтағы шешуші матчта Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы ойнады. Екі команда да D тобында алты ұпайдан жинап, Венгрия мен Австриядан басым түскен болатын.
Олимпиада жолдамасы топта жеңіске жеткен командаға ғана беріледі. Бұл кездесуде 3:1 есебімен Словакия құрамасы жеңіске жетті. Қазақстан сапынан жалғыз шайбаны Никита Михайлис соқты. Осылайша Олимпиада ойындарына Словакия жолдама алды.
Айта кетейік, аталған турнирде Қазақстан Венгрияны 5:2, Австрияны 2:1 есебімен ұтқан болатын.