Екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие мексикалық боксшы Хильберто "Зурдо" Рамирес (34-0, 24 KO) Геннадий Головкинмен қашан қолғап түйістіруі мүмкін екенін айтты.
- Головкинмен өтетін жекпе-жегім өтеді деп ойлаймын. Менің онымен, оның менімен жұдырықтасқысы келеді. Біздің кездесу осы жылдың соңында, болмаса келер жылдың басында өтеді. Маған бұл жекпе-жек ұнайды, әрі "pound-for-pound" жүйесінде үздік атанғым келеді. Мен жанкүйерлерге "Зурдо" Рамирес кім екенін танытатын боламын.
Мен адамдарға бәрі де мүмкін екенін тағы бір дәлелдегім келеді. Алдымен 22 сәуір күні Макс Бурсакпен өтетін жекпе-жектен кейін осы туралы ойланатын боламын, - деді мексикалық боксшы Fight Hub TV-ға берген сұхбатында.
Осыған дейін екі боксшының кездесуі мүмкін екені туралы ақпараттар жарияланған еді.