«Мерседес» командасының британдық автошабандозы Льюис Хэмилтон АҚШ Гран-При жарысында топ жарды. Нәтижесінде үш кезең алдын чемпиондық атақты жеңіп алды.
АҚШ Гран-При додасында Льюис Хэмилтоннан кейін мәре сызығын командаласы Нико Росберг кесті. Үштікті «Феррари» командасының автошабандозы Себастьян Феттель түйіндеді. Ал жүлделі орыннан басты үміткерлердің бірі Даниил Квят («Ред Булл») автокөлігін дұрыс басқара алмай, жарысты жарты жолда аяқтады.
Даниил Квят сәтсіздігі
Льюис Хэмилтон «Формула-1» жарыстарында үшінші рет жеңімпаз атанып отыр. Ол осыған дейін 2008 және 2014 жылдары алдына жан салмаған болатын.
«Формула-1» жарысының келесі кезеңі 30 қазан мен 1 қараша аралығында Мексикада өтеді.