Хабиб Нурмагомедов қазақ баласымен доп тепті

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Хабиб Нурмагомедов қазақ баласымен доп тепті

Алматы қаласында өтетін GFC турниріне құрметті қонақ ретінде шақыртылған жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ТМД елдерінде "Красава" атымен танымал блогер Евгений Савин қазақстандық Ник Вуйчич Әли Тұрғанбекті ертіп әкеліп, кештің басты қонағы Хабиб Нурмагомедовпен жүздестерді. Әли дағыстандық спортшыға ПСЖ ойыншыларының қолы қойылған допты табыстап, артынша ойнады.

БӨЛІСУ

"Бұл мен үшін үлкен сыйлық болды. Бірақ бұдан бөлек Хабиб Нурмагомедов секілді чемпиондардағы қасиеттерді – назар, қайырымдылық, мейірімділі және қарапайымдылықты бағалаймын. Ол маған уақыты мен назарын бөлді. Сол үшін оны құрметтеймін, бағалаймын және жақсы көремін. Оған тек жеңіс тілеймін!, - деп жазды Әли Тұрғанбеков Instagram парақшасында.

 

Сондай-ақ Хабиб Нурмагомедов жанкүйерлердің сұрағын жауап берді:

– Мансабым аяқталуға жақын. Бірақ келесі жекпе-жектен соң "болды, осымен қоямын" деген ой келген жоқ. Әлі мансабымды аяқтау туралы ойланып көрмедім. Жақында мықты қарсыласқа қарсы жұдырықтасамын. Бар ойым сол жекпе-жек туралы болмақ.

– Ертең кімге жанкүйер боласыз?

– Басты жекпе-жекте Дәурен Ермеков менің досым Артур Гусейновпен жұдырықтасады. Ең бастысы спортшылар жарақат алмаса болғаны. Мықты жеңіске жетсін. Басқа қазақстандық спортшылардың ішінен Игорь Свиридке жанкүйер боламын.

– Жекпе-жектен соң бабыңызға қалай келесіз?

– Қайта қалпың келудің ең жақсы әдісі - ұйқы. Жаттығулардың арасында ұйықтап алу қажет. Егер дұрыс демалмасаң қалпыңа келу қиын болады.

– МакГрегор сізбен қарымта жекпе-жек өткізгісіз келе ме?

– Қатарынан он жекпе-жекте жеңіске жетсін деп сәлемдеме жіберіңіздер.

– Қазақстандағы ММА жайлы не ойлайсыз?

– Сіздердің UFC-де спортшыларыңыз бар. Осыдан бес-алты жыл бұрын бұл бір мүмкін емес жағдай секілді көрінетін. Дегенмен әлі келісімшартқа отырмаған, бірақ UFC-де өзін көрсете алатын спортшылар бар. Қазақстан ММА дамып келеді. 

– Қай жекпе-жегіңіз өзіңізге ұнайды?

– Жеңілуге құқығым болмаған жекпе-жек! МакГрегорға қарсы кездесу дер едім.