Ғұсман Қырғызбаев Мароккодағы Гран-При турнирінде топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ғұсман Қырғызбаев Мароккодағы Гран-При турнирінде топ жарды
Фото ©️ IJF

Дзюдодан Марокконың Агадир қаласында өтіп жатқан Гран-При турнирінде 60 кг дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев жеңімпаз атанды.

БӨЛІСУ

Қазақстандық дзюдошы жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы қарсыласы словениялық Дэвид Старкелден басым түсті. Өзінің екінші белдесуінде марокколық Джэви Мохаммедтен айласын асырған отандасымыз жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда татами иесі Ясин Моудатирді иппонмен жеңіп, финалға шықты.

Ғұсман Қырғызбаев финалда түрік дзюдошысы Озлу Бекірді жеңіп, алтын медаль иеленді.

66 кг дейінгі салмақта белдескен Ерлан Серікжанов финалда Андриян Гомбичке есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

Ерлан Серікжанов алғашқы белдесуінде франциялық Алистер Уардты, екінші кездесуінде Михаил Пуляевты жеңді. Ширек финалда словениялық Андрез Жеребті, жартылай финалда португалиялық Сергио Олейникті иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Өкінішке қарай, дәл осы салмақта белдескен тағы бір дзюдошымыз Ерлан Жақсыбеков жұбаныш финалында Андраз Жеребке (Словения) есе жіберіп, жарыста жүлдесіз қалды.