Футболдан Еуропа чемпионатындағы Грузия мен Чехия құрамалары арасындағы ойын аяқталды. Гамбургте өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді.
Бірінші тайм аяқталар тұста грузиндер есепте алға шықты. Жорж Микаутадзе пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды. Бұл оның осы Еуропа чемпионатында соққан екінші голы.
59-минутта Патрик Шик есепті теңестірді. Ол бұрыштамадан асырылған сәттегі мүмкіндікті оңтайлы пайдалана білді.
Ойын аяқталар тұста Грузияның есепте алға шығатын мүмкіндігі болған. Қарымта шабуыл кезінде Лобжанидзе мүлт кетті. Осылайша Грузия құрамасы Еуропа чемпионатындағы алғашқы ұпайын еншіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!