Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.
БӨЛІСУ
Грек-рим күресінен 51 келіде финалға шыққан Алпамыс Болатұлы финалда америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміс медаль иеленді.
Сондай-ақ, 80 келіде белдескен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол берді. Еркебұлан да әлем біріншілігінің күмісін иеленіп отыр.
Ал 48 келіде қола медальға таласқан Едіге Төлеутаев 1:3 әзербайжандық Амрах Амраховтан ұтылды.