Грек-рим күресінен Азия ойындарына қатысатын балуандар белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайты хабарлады.
Қазақ балуандары бұл күндері Тараз қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Джакартаға жарыс басталардан 10 күн бұрын ұшып барады.
- Қазіргі кезде біз Таразда жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. 25 шілдеде басталған жаттығу кезеңі 11 тамызға дейін жалғасады. Содан соң, команда мүшелері Джакартаға ұшып кетеді. Мұндағы мақсатымыз, ойын өтетін аймаққа ертерек барып, ауа райына бейімделу. 21-22 тамыз күні балуандар кілемге шығатын болады. Биыл біздің жігіттер Иран, Венгрия, Түркияда өткен рейтингілік турнирлерде жақсы өнер көрсетті. Азия ойындарында да сол бағыттан танбаймыз, - дейді бас жаттықтырушы.
Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын грек-рим күресінің балуандары:
60 кг. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы)
67 кг. Алмат Кебіспаев (Астана)
77 кг. Асхат Ділмұхамедов (Алматы облысы)
87 кг. Азамат Күстібаев (Астана)
97 кг. Ерұлан Ысқақов (Қарағанды облысы)
130 кг. Нұрмахан Тінәлиев (Алматы облысы)