Гран-При. Жансай мен Елдос финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Гран-При. Жансай мен Елдос финалға шықты

Дзюдодан Астана қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-Придің бірінші күніндегі ерлер арасында 60 және 66 келіде бақ сынап жатқан қос спортшымыз финалға шықты, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Тұңғыш рет елімізде ұйымдастырылып отырған додада ерлер арасында 60 келіде 4 дзюдошымыз қатысуда. Бірінші айналымнан Ғабит Есімбетов аса алмады. Ол моңғол Херлен Гандболдқа есе жіберіп алды. Рустам Ибраев пен Асхат Телманов екінші айналымнан сүрініп, кейіннен жерлестеріміз жұбаныш кездесуде бір-бірімен жолықты. Асхаттың жолы болып, ресейлік Дмитрий Куликовпен қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Ал Елдос Сметов болса, алдымен украиналық Денис Виличенконы, одан кейін өзбек Бахром Иноятовты, жартылай финалда ресейлік Дмитрий Куликовты жеңіп, финалға жолдама алды. Алтын жүлде үшін моңғол Даштава Амартувшинмен белдесетін болады.

66 келіде де татамиге 4 дзюдошымыз шықты. Олардың ішінен Жансай Смағұлов қарсыластарынан айласын асырып, финалға жолдама алды. Енді жерлесіміз финалда жапон Хашигучи Юкимен кездеседі. Ал Жансайдың қарсыласынан жеңілген Азамат Мұқанов тағы бір жапон Миозакимен қола жүлдеге таласады. Елдос Жұмақанов пен Наурызбек Майлашев жүлдеден тыс қалды.

Финалдық кездесулер Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: @massaget.kz