Гран-При. Бүгін бес салмақ дәрежесінде жүлделер таратылады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Гран-При. Бүгін бес салмақ дәрежесінде жүлделер таратылады

Дзюдодан Астана қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-При турнирінің бүгін соңғы күніндегі белдесулер өтеді,-деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

14 келі салмақ дәрежесінде ұйымдастырылған доданың соңғы күнінде бес салмақ дәрежесінде медальдар таратылады. Ерлер бәсекесінде 90 мен 100 келіге дейін, және 100 келіден жоғары салмақтағы дзюдошылар татамиге шықса, әйелдер арасында 78-ге дейін, 78-ден жоғары салмақтағы спортшылар жүлделерді сарапқа салатын болады.

Бүгін татамиге шығатын отандастарымыздан үлкен үміт күтіліп отыр. Әсіресе, ерлер арасында 90 келіге дейін салмақта Самат Есенге, 100 келіге дейін Максим Раковқа, әйелдер бәсекесінде 78 келіден жоғары салмақта Гүлжан Исановаға сенім артылып отыр. Осы спортшыларымыздың бірі қоржынымызға жүлде салуы бек мүмкін. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: @massaget.kz