Дзюдодан Астана қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-Придің бірінші күні жарыс жолына шыққан қыздарымызға жүлде бұйырмады, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Әйелдер арасындағы үш салмақ дәрежесінде де жерлестеріміздің мерейі үстем бола алмады. Айгүл Байқұлова, Айғаным Түйтеков және Кәмшат Қарасайқызы (бәрі – 48 келі) бірінші кезеңнен өткенмен, екінші айналымнан аса алмады. 52 келідегі дзюдошылар Жібек Құрмашева, Олеся Куценко мен Дарья Лунова бірінші айналымнан-ақ сүрінді. 57 келіде өнер көрсеткен Назгүл Құбашева, Анна Казюлина және Севара Нышанбаева да ширек финалға жете алмады.
Үш салмақ дәрежесіндегі финалдық кездесулер Астана уақытымен 17:00-де басталады. Ал бір сағаттан кейін доданың ресми ашылу салтанаты өтеді.
Автор: Өмірбек Сансызбай
Сурет: @massaget.kz