
Жартылай орта салмақтағы америкалық боксшы Карсон Джонс (44-16-3, 32 KO) 38 жасында сирек кездесетін сырқаттан көз жұмды. Бұл туралы BoxingScene жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейінгі айларда Джонстың денсаулығы сыр беріп, қаңтарда оған ахалазия (жұтынудың өте сирек бұзылуы) диагнозы қойылған. Ал тамағына жасалған операциядан кейін спортшы көз жұмған.
Карьерасында бірнеше белбеу жеңіп алған
Джонс жартылай орта салмақта USBA және NABA (Солтүстік Америка чемпиондығы), сондай-ақ, WBC Continental Americas чемпионы болған.
Кәсіпқой карьерасында боксшы 65 жекпе-жек өткізіп, 44 кездесуінде жеңіске жеткен (32 нокаут).
Оның карьерасындағы ең үлкен айқас Келл Брукпен болды. 2012 жылы бірінші жекпе-жегінде төрешілер шешімімен жеңілді.
Кейінгі рет ол рингке 2023 жылы көтеріліп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген.
Атақты боксшылармен жаттыққан
Latinus.us мәліметінше, Джонс карьерасында ең мықты боксшылардың спарринг серігі болған: олардың қатарында Геннадий Головкин, мексикалық Сауль Канело Альварес және америкалық Теренс Кроуфорд бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!