Головкиннің промоутері Уордпен кездесуге қоятын шарттарын атады

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Мақпал Бисембаева>
Головкиннің промоутері Уордпен кездесуге қоятын шарттарын атады
Фото ©️ tn.kz

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарында орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер америкалық Андре Уордпен кездесу үшін қоятын шарттарын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

БӨЛІСУ

"Головкин қазір А жағында, - деді Леффлер. - Ол Уордпен 50-50 шартында кездесуге дайын. 160 фунттағы үздік боксшы мен 168 фунттағы үздік спортшы 164 фунтта кездесіп, ортақ шешімге келуге болады. Дегенмен, Уордқа аралық жекпе-жектер көбірек керек".

Айта кетейік, өткен айда ақпарат құралдарында Головкин мен Уордтың бірін-бірі айыптаған сөздері жарияланды. Уорд Головкиннің атын атамауды шешкенін, себебі оның командасы бастапқы кезде батыл сөйлеп алып, кейін өз сөзінен айнып қалатынын айтқан. Алайда қазақстандық боксшы америкалықтың бұл іске атақ үшін барғысы келгенін атап өтті.