19 желтоқсан, сенбі, яғни ертең қазақстандық боксшы Головкин орта салмақтағы IBF және IBO титулын 21 рет рекорд дәрежеде Камил Шереметаға қарсы қорғайды. Головкиннің қатысуымен өтетін бокс кешінің трансляциясын қайда және қашан қарау керек екендігі белгілі болды.
Бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 4.00-де басталады. Головкин мен Шереметаның жекпе-жегінің басталуы таңғы сағат 07.00-ге жоспарланған. Қазақстанда бокс кеші екі телеарнадан тікелей эфирде көрсетіледі. Qazaqstan мен Qazsport арналары тікелей трансляцияны таңғы 04.00-де бастайды. Ал ақылы түрде DAZN платформасынан көруге болады.
Жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында Головкин жекпе-жекке дайындық туралы айтты.
"Негізінде, осы жылы болып жатқан оқиғаларды ескере отырып, маған бейімделуге көп уақыт болды. Команданың арқасында біз оқу-жаттығу жиынында жақсы дайындалдық. Өзімді жақсы сезініп тұрмын және жақсы жекпе-жек өткізуге дайынмын деп ойлаймын", - дейді ол.
Камил Шеремета Головкинмен шайқаста украиналық Сергей Деревянченконың тактикасын қолдануды жоспарлап отырғаны белгілі.
"Ол кезде Сергей өте жақсы жекпе-жек өткізді. Мен жекпе-жектің видеосын өте мұқият зерттедім", - дейді Шеремета.
Болжамдарға келетін болсақ, сарапшылар жекпе-жектің қанша уақытқа созылатыны Головкинге байланысты дейді.
19 желтоқсанда АҚШ-тың Флорида штатында Геннадий Головкиннен бөлек Али Ахмедовтың қатысуымен де бокс кеші өтеді. Ол орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін эквадорлық Карлос Гонгорамен жұдырықтасады.