WBA (Super), IBO, WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегінің Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттомен кездесуіне қарағанда артығырақ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kaz.tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"Меніңше, "Канеломен" жекпе-жек өткізу маңыздырақ. Оның жанкүйерлері көп. АҚШ-тың оңтүстік бөлігі үшін бұл үлкен оқиға болады. Егер "Канело" Коттоны ұрып жықса, онымен кездесуіміз маңыздырақ болды. Егер Котто "Канелоны" жеңсе де, "Канело" біз үшін маңыздырақ болады, себебі оның жекпе-жектерін көргісі келетіндер көп", - деп мәлімдеді Санчес.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Головкин-Лемье және Котто-Альварес жекпе-жектерінің жеңімпаздарының бір-бірімен кездесетінін айтқан болатын. "WBC қаулы етті, Котто - Альварес жеңімпазы Головкин - Лемье жекпе-жегінің жеңімпазымен төбелеседі", - деп мәлімдеді Леффлер.
Ал оның алдында Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлеймен орта салмақта WBC чемпионы Мигель Котто мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы жекпе-жектің жеңімпазының осы салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуге міндетті болатынын мәлімдеген еді. Ал Лемье жайлы мәселе қозғалған жоқ.