Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0) 18 қазан күні таңда Нью-Йорк қаласында канадалық Давид Лемьені уақытынан бұрын жеңген болатын. Осылайша Головкин орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) титулдарын қорғап, сонымен қатар IBF белбеуіне ие болған еді.
Жекпе-жектен кейін Головкин орта салмақтағы барлық белбеуді жеңіп алғысы келетінін және алға қойған мақсаттарын айтты. Осыған байланысты америкалық Bleacher Report спорт сайты отандасымызға лайықты үздік бес қарсыластың тізімін жасады.
Тізімде Альварес-Котто жекпе-жегінің жеңімпазы көш бастап тұр. Отандасымызға лайықты қарсыластардың тізімінде екінші болып америкалық Андре Уорд тұрса, үштікке ресейлік Сергей Ковалев жайғасты. Ал төртінші және бесінші орындарды сәйкесінше Беранрд Хопкинс пен Флойд Мейвезер алды. Айта кетейік, кіші Мейвезер биыл қыркүйекте мансабын аяқтаған болатын.
Bleacher Report ұсынған Головкинге лайықты үздік 5 қарсылас:
1. Мигель Котто vs Сауль Альварес күштесуінің жеңімпазы
2. Андре Уорд
3. Сергей Ковалев
4. Беранрд Хопкинс
5. Кіші Флойд Мейвезер.