Желіде қазақстандық танымал кәсіби боксшы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) жаттығу жасап жатқан сәтін көрсететін видео пайда болды.
«Gennady Golovkin: Training Motivation» атты видеодан отандасымыздың күнделікті спорттық жаттығуларымен айналысып жатқан сәттерін көре аласыз. Қазіргі таңда, Головкин АҚШ-тың Калифорния штатындағы Big Bear лагерінде кезекті жекпе-жегіне дайындық үстінде.
Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкиннің Канело Альвареске қарсы жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өтеді. Ресми ақпараттарға сүйенсек, кеш билеттері толығымен сатылып кеткен.