Головкин мен Роналду бірлесіп жаңа жоба дайындап жатқанын хабарлады

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Тұрсынбек Раушанұлы>
Головкин мен Роналду бірлесіп жаңа жоба дайындап жатқанын хабарлады

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және футбол жұлдызы Криштиану Роналду бірлескен жобаға қатысып жатыр.

БӨЛІСУ

Спортшылар Туринде DAZN үшін жаңа жоба үстінде жұмыс жасап жатқандарын өздерінің инстаграмм парақшаларында хабарлаған.

Туринде досым Криштиану Роналдумен бірге керемет күн. Біз DAZN-мен бірге жаңа жоба дайындап жатырмыз”, - деп жазды Головкин.

Португалиялық футболшы GGG-ге “Ювентус” футболкасын сыйға тартқан, ал Головкин бокс қолғабын сыйлаған.

“Мен досыммен DAZN-ге арналған қызықты жаңа жоба үстінде жұмыс істеп жатырмын. GGG, сені көргеніме қуаныштымын”, - деп жазды Роналду инстаграмм парақшасында.

Бұған дейін Головкин Роналдуды өзінің сүйікті футболшысы екенін айтқан.

Еске салайық, қазан айында Головкин украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуге ие болған еді.