17 қазан күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жектің 20 000 билеті толығымен сатылып кеткен. Бұл туралы осы ойынды ұйымдастырған промоутерТом Леффлер мәлімдеді.
"Madisson Square Garden" аренасында атой салатын қос нокаутшының қайсысы мықты екенін бүгінде көп адам талқылап жүр. Бірі Головкиннің жойқын соққыларына төтеп бере алмаған Давид ойында нокаут алады деген сенімде болса, енді бірі Лемьенің де өзіндік стильінің бар екенін айтып, жеңіске бір табан жақын боксшы екенін ескертеді.
IBF белбеуінің иесі Давид Лемьемен жұдырықтасатын WBA (Super), WBC (Interim) және IBO титулдарының иесі Головкинге қолдау көрсетушілер саны әлем бойынша күн сайын артып келеді.