Головкин мен Деревянченко жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты (видео)

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Тұрсынбек Раушанұлы>
Головкин мен Деревянченко жекпе-жек алдында салмақ  өлшеу рәсіміне қатысты (видео)
Фото ©️ inform.kz

Жексенбі күні, 6 қазанда, Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) кәсіпқой рингтегі 42-ші кездесуін  украиналық боксшы Сергей Деревянченкоға (13-1, 10 КО) қарсы өткізеді.

БӨЛІСУ

Қос боксшы бұл кездесуде орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы белдігін сарапқа салады. 

Орта салмақтағы IBF және IBO титулдары үшін күрес 6 қазанға қараған түні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болмақ.

Сонымен қатар, андеркардта тағы жеті жекпе жек өтеді – олардың бірі екінші орта салмақта америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-7-2, 7 KO) кездесетін қазақстандық Али Ахмедов (15-0, 11 КО) жекпе жегі.

Аталған бокс кешінің толық бағдарламасы мынадай:

Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) - Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО);
Иван Баранчик (19-1, 12 КО) - Габриэль Брасеро (25-3-1, 6 КО);
Исраил Мадримов (3-0, 3 КО) - Алехандро Баррера (29-5, 18 КО);
Али Ахмедов (15-0, 11 КО) - Эндрю Эрнандес (20-7-2, 9 КО);
Камил Шеремета (20-0, 4 КО) - Оскар Кортес (27-4, 14 КО);
Брайан Себальо (10-0, 5 КО) - Хавьер Альбоника (14-2, 12 КО);
Никита Абабий (6-0, 5 КО) - Исайя Селдон (13-2-1, 4 КО);
Джо Уорд (дебют) - Марко Дельгадо (5-1, 4 КО).

Салмақ өлшеу кезінде Головкиннің салмағы 159,2 фунт (72,21 килограмм) болды. Ал Деревянченко 159 фунт (72,12 килограмм) тартты. Орта салмақтың шекті көрсеткіші — 160 фунт, яғни 72,574 килограмм.

Жекпе-жектерді "Qazaqstan" және "Qazsport" арналары тікелей эфирде ұсынады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні 05:00-ден басталады.