Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек биыл өтпейді.
БӨЛІСУ
Бүгін тең түскен боксшылар қарымта кездесу өткізуге қарсы емес. Дегенмен жақын арада ұйымдастырылуы екіталай.
- Мен жыл соңына демаламын. Қарымта жекпе-жек келер жылдың мамыр немесе қыркүйек айында өтуі мүмкін. Бірақ нақты қашан өтетінін айта алмаймын. Бір анығы Канелоның дәуірі келді, - деді мексикалық боксшы.
Осы жекпе-жек келісімшарты бойынша Сауль "Канело" Альварес жеңілсе ғана қарымта кездесу өткізу туралы келісім бар болатын.