WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF титулының осы салмақтағы иегері Давид Лемье арасындағы кездесу BoxingPlanet порталының нұсқасы бойынша күздің үздік бес жекпе-жегінің қатарына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы tengrinews.kz жазды.
Бұл рейтингте Головкин - Лемье жекпе-жегі төртінші орында тұр. Тізімде олардан жоғары тұрғандар - Кличко - Тайсон Фьюри, Сауль Альварес - Мигель Котто жекпе-жектері. Ал көш басына Флойд Мейвезер мен Андре Берто кездесуі орналасты.
Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Айта кетейік, букмекерлердің пікірінше бұл жекпе-жектің фавориті Головкин. Оның жеңісіне қойылып отырған коэффициент - 1,08, ал Лемьенің жеңісіне - 10. Ал Головкин - Лемье жекпе-жегінің тең аяқталуына 40 коэффициент беріліп отыр.