Головкин Куиллинге қарсы жұдырықтасуға дайын

Уалихан ҚОСАНБАЙ Корреспондент
Уалихан ҚОСАНБАЙ>
Головкин Куиллинге қарсы жұдырықтасуға дайын

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Еуропада өткізетін болды. Бұл туралы K2 Promotions компаниясының атқарушы директоры Том Лефлер мәлімдеді.

БӨЛІСУ

WВА ұйымдастырушыларының шешімі бойынша, неміс Феликс Штурм мен австралиялық Даниэл Гилдің жеңгені Головкинмен жұдырықтасуы керек болатын. Нәтижесінде Гил неміс боксшысын жеңіп, Штурмды тағынан тайдырған. Енді австралиялық боксшымен Гена келесі жылдың наурыз айында АҚШ-та жұдырықтасуы тиіс. 

– Әзірге бар ойымыз – Гилде. Дегенмен Питер Куиллинді де назарымыздан тыс қалдырмаймыз. Егер ол WBO тұжырымында Хассан Н’Джикамды жеңсе, онда онымен де шаршы алаңға шығуға дайынбыз, – дейді Том Лефлер.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында жерлесіміз ағайынды Кличколарға қарасты K2 Promotions компаниясымен келісім-шартқа отырған болатын. Содан кейін үш жекпе-жек өткізіп, үшеуін де нокаутпен жеңді. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: allboxing.ru