Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерін сәтті қорғаған соң келесі жекпе-жегін қашан және кімге қарсы өткізуі мүмкін екені белгілі болды.
The Athletic басылымының мәліметінше, Головкиннің командасы келер жылы көктемде жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Қарсылас ретінде бірінші орта салмақтың бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) мен Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) қарастырылуда.
Айта кетейік, бүгін GGG мансабында 21-мәрте чемпиондық атағын сәтті қорғап шықты. Жекпе-жек сегізінші раундта аяқталды. Шеремета тоғызыншы раундқа шықпай, шайқасты жалғастырудан бас тартты. Поляк кәсіби мансабында тұңғыш рет жеңіліс құшты.