Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданынан туристік кешеннің құрылысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарқаралы ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.
Головкин кешенді салатын жерді Қарқаралы қаласынан 2014 жылы таңдаған. Боксшы ауданы 400 шаршы метр болатын жер телімін 2 миллион теңгеге сатып алған. Жер телімі қала маңындағы "Үлкен көл" ұлттық саябағына жақын маңда орналасқан.
"Қарқаралының шығысында көл бар. Осы жағалауды қазір біз туризмді дамытқысы келетін жеке кәсіпкерлерге беріп жатырмыз. Мысалы, Геннадий Головкин туризм нысанының құрылысын бастау үшін осы жағалаудан 400 шаршы метр жер сатып алды. Құрылыс басталып кетті", - деді Қарқаралы ауданы әкімдігінің қызметкері.
Әкімдіктегі мамандар жерді сатудан түскен қаражаттың аудан бюджетіне құйылғанын айтты. Құрылысты салу бастамасын Геннадий Головкин көтерген. Жер телімі соған жазылды. Жоба Қарқаралы ауданының 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасын жүзеге асыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Үлкен көл – аймақтағы ұлттық саябақта орналасқан белгілі су қоймаларының бірі. Туристер мен жергілікті халық оны жақсы жағажайы мен балық аулауға ыңғайлылығы үшін бағалайды. Көл қаладан 2,5 шаршы метр қашықтықта орналасқан. Оның ауданы - 2,5 шаршы шақырым, тереңдігі - 4,6 метр.