Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесті.
БӨЛІСУ
"Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды. Бірге отырып Қарағанды облысының спорт саласының дамуын талқыладық. Геннадий ерекше жылулықпен және қамқорлықпен Майқұдықтың спорт инфрақұрылымы туралы сұрады.
Келесі жылы атақты "Литейщик" стадионын қалпына келтірумен айналысамыз және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткіземіз деп уәде бердім", - деп жазды облыс әкімі Facebook парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі белбеуді иемденді.