Головкин Джейкобспен жекпе-жек өткізуден бас тартты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Головкин Джейкобспен жекпе-жек өткізуден бас тартты
Фото ©️ vk.vom

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 10 желтоқсанда Джейкобспен өтуі тиіс кездесуден ресми түрде бас тартты, - деп хабарлайды Boxing News 24. Осыған дейін екі боксшы 10 желтоқсанда жұдырықтасуы мүмкін екені айтылған еді. 

БӨЛІСУ

Басылымның мәліметінше, Головкин мен Джейкобстың командалары соңғы апта ішінде қаржы мәселесіне байланысты келісімге келе алмаған. Осыған байланысты отандасымызға бұл кездесуден бас тартуға тура келген. Енді екі боксшының жекпе-жегі 2017 жылға қалдырылып, ақпан немесе наурыз айында өтуі мүмкін. 

Айта кетейік, осыған дейін Дэниэль Джейкобстың жаттықтырушысы Андре Розье де биыл спортшысының Головкинмен жекпе-жек өткізбейтіні жайлы мәліметті растаған-ды. Бапкер дайындалуға аз уақыт қалды деген себеппен кездесудің болмайтынын айтқан еді. Оның айтуынша, Джейкобс әлі дайындалмаған да. Егер де жекпе-жек 10 желтоқсанда өтсе, дайындалуға алты апта уақыт қана қалады. Америкалық боксышының бапкері Джейкобстың мұндай кездесуге кем дегенде 10-12 апта дайындалғанынын қалайды екен.