Головкин бірінші кездесудегі әділетсіздік үшін НВО арнасының комментаторларын сынады

Аслан Қажиев Корреспондент
Аслан Қажиев>
Головкин бірінші кездесудегі әділетсіздік үшін НВО арнасының комментаторларын сынады
Фото ©️ ©:boxingscene.com

5 мамыр күні Лас-Вегаста орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин  мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында екінші жекпе-жек өтеді. Кездесу алдындағы іс-шаралар жоспар бойынша орындалып жатыр.

БӨЛІСУ

Қазақстандық боксшы баспасөз жиыны кезінде бірінші кездесудің шешімі әділ болмағанын жеткізді. Төрешілердің бұндай әділетсіздігі спорттың бұл түріне тек кесірін тигізетінін шегелеп айтқан. Сонымен қатар, НВО арнасының комментаторлары Джим Лэмпли, Рой Джонс және Макс Келлерманды да сынның астына алыпты.

«Кездесу барысында мен рингте көрген дүние мен комментаторлардың айтқан пікірлері мүлдем сәйкес келмейді. Олар, сөйлеген сөздері арқылы жеңісті барынша «Канелоға» жақындатыпты. Мен бұны естіп, қапа болдым. Менің жеңгенімді статистика көрсетіп тұр. Бұл көрсеткішпен жанкүйерлер де келіседі. Мен рингтен шыққанда мені ешкім мазақ қылған жоқ. Спорттағы осындай әділетсіздіктер саланың тек төмендеуіне әкеліп соғады», - деді қазақстандық азамат.

Геннадий Головкин алдағы кездесуде өзінің жеңіске жететініне сенімді. Мамырда тойланатын мерекелердің қатарында Головкин жекпе-жегінің жеңісінің де боларына біз де сенімдіміз.