Головкин биыл тек бір ғана жекпе-жек өткізеді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Головкин биыл тек бір ғана жекпе-жек өткізеді
Фото ©️ DAZN

Бокстан орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин биыл тек бір ғана жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

БӨЛІСУ

Күзде GGG поляк боксшысы Камила Шереметаға қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды. Жекпе-жек қазан не қараша айында АҚШ-та өтеді деп күтілуде. 

Ал Головкиннің мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегі бұрын айтылғандай желтоқсан айында емес, келер жылы өтеді. Ringpolska басылымының мәліметінше, GGG командасы биыл тек Камила Шереметаға қарсы жекпе-жекті өткізуді жоспарлап отыр.

Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылы Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.