Головкин Бетербиевтен асып түсті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Головкин Бетербиевтен асып түсті
Фото ©️ ©x.com/tomloeffler1

Спорт туралы жазатын vRINGe порталы 40 жастан асқан ең мықты боксшылар тізімін жариялады. Бұл тізімнің басты жұлдызы қазақстандық Геннадий GGG Головкин (42-2, 37 KO) болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің қазіргі президенті рингке екі жылдай шықпады. Бірақ оны әлі де түрлі рейтингтерге қосып отырады. 

Головкин кейінгі рет Сауль "Канело" Альвареспен (62-2-2, 39 КО) жұдырықтасқан болатын. Екеуі алғаш рет 2017 жылы тең түсті. Бір жылдан кейінгі қарымтада "Канело" төрешілер шешімімен жеңді. 2022 жылы үшінші айқаста да мексикалық жеңіске жетті.

vRINGe басылымы жариялаған ардагерлер қатарына мына боксшылар да кірді:

Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) - 40 жас;
Жан Паскаль (37-7-1, 21 КО) - 42;
Феликс Штурм (45-6-3, 20 КО) - 46;
Автандил Хурцидзе (34-2-2, 23 КО) - 44;
Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) - 41;
Гильермо Ригондо (23-3, 16 КО) - 44;
Оланреважа Дуродола (49-10, 43 КО) - 44;
Фират Арслан (56-9-3, 41 КО) - 54;
Сергей Ковалев (35-5-1, 29 КО) - 41;
Хусейн Джинкара (22-0, 18 КО) - 40;
Баду Джек (28-3-3, 17 КО) - 41;
Кшиштоф Влодарчик (65-4-1, 44 КО) - 43;
Нельсон Хиса (21-0, 19 КО) - 40;
Мануэль Чарр (34-5, 20 КО) - 40;
Луис Ортис (34-3, 29 КО) - 45;
Чжан Чжилеи (27-3-1, 22 КО) - 41;
Дерек Чисора (36-13, 23 КО) - 41;
Кубрат Пулев (32-3, 14 KO) - 43 жаста.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!