Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының әлемге тез танылып келе жатқанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
БӨЛІСУ
Бүгін түнде Головкин мен оның бапкері және промоутер Том Леффлер Сан-Антониода (Техас) медиа-ланч өткізді.
"Біз Геннадийдің Техаста жанкүйерлері көп екенін білдік. Біз жаңа ғана Қытайдағы WBC Конвенциясынан оралдық. Ол әлемге тез танылып келе жатыр", – деді Санчес.
Еске сала кетейік, Головкин "Даллас Ковбойз" пен "Филадельфия Иглз" арасындағы ҰФЛ-дың матчында арнайы қонақ болған еді. "Даллас Ковбойз" клубының иесі Джерри Джонс Головкинге 1 деген нөмір жазылған жемпір табыс етті.