Орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин ганалық Осумана Адамамен болған жек-жекке қатысты өз пікірімен бөлісті. Сондай-ақ ол кездесуден кейін бірінші кезекте аргентиналық Серхио Мартинеспен жұдырық түйістіргісі келетінін айтқан болатын.
«Мен өте қуаныштымын. Өзімнің жекпе-жекті қалай өткізгеніме де көңілім әбден толады. Бірінші раундтан бастап-ақ өз басымдылығымды сездім. Өзімнің көрсеткен күшім мен кездесудің қарқынына қарап, тек қана жақсы кездесудің орын алғанын айта аламын. Адама да осал емес еді, алайда мен оның жасаған бірде-бір соққысын сезген жоқпын. Ендігі кезекте мен орта салмақтағы әлемнің ең мықты боксшысын анықтау үшін Серхио Мартинеспен кездескім келеді»,-деп жазады Головкиннің сөзіне сілетеме жасаған «Р-Спорт».
Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин кеше Монакода орта салмақтағы екі бірдей чемпиондық атақтар (WBA және IBO) үшін ганалық Осумана Адамаға қарсы өткізген кездесудің жетінші раундында техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: Sumio Yamada©