Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Дэниэл Гилді орта салмақтағы суперчемпиондық атағынан айырып, Геннадий Головкинді чемпион деп таныды. Бұл шешім WBA-дің Джакартадағы конвенциясында қабылданды.
Ертеректе WBA қауымдастығы міндетті түрде Гил Головкинмен жұдырықтасу керек деген шешім қабылдаған болатын. Бірақ, Дэниэл Головкинмен рингке шығуға бас тартты. Сондықтан ұйым Дэниэл Гилді атағынан айырды.
«Біз WBA қауымдастығына Геннадийді чемпион деп танығаны үшін алғысымызды білдіреміз. Гена енді WBA және IBO дәрежесіндегі чемпион. Енді біз қазақстандық былғары қолғап шеберінің алдағы уақытта кіммен жұдырықтасатынын шешетін боламыз», - дейді K2 промоутері Том Лёффлер.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: vesti.kz