Головкин 400 мың доллар сыйақы алатын болды

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Головкин 400 мың доллар сыйақы алатын болды

Орта салмақтағы WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин осы аптада америкалық Кертис Стивенске қарсы өткізетін кездесуінен кейін сыйақы ретінде 400 000 АҚШ долларын қалтасына басады, деп хабарлайды Boxingnews.com.ua. Ал бруклиндік боксшы Стивенске 290 000 доллар тиеді.

БӨЛІСУ

Одан бөлек, осы бокс кешінде рингке көтерілетін басқа да боксшылардың сыйақылары белгілі болды: Магомед Абдусаламов, Ресей (40 мың доллар) – Майк Перес, Куба (30 мың доллар), Ола Афолаби, Ұлыбритания (20 мың доллар) – Лукаш Яник, Польша (20 мың доллар).

Қазақстандық боксшы өзінің соңғы өткізген жекпе-жегінде британдық Мэттью Маклинді үшінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен болатын. Ал Кертис Стивенс болса, 4 тамызда мексикандық Сауль Романмен болған кездесуде қарсыласын бірінші раундта-ақ құлатып, жеңімпаз атанды.  

Осылайша Геннадий (GGG) Головкин осы күнге дейін 27 рет рингке көтеріліп, оның барлығында да жеңіске жетсе, 24-ін уақытынан бұрын аяқтады. Стивенстің еншісінде 25 жеңіс (18 нокаут) және үш жеңіліс бар.  

Естеріңізге тағы да сала кетсек, Нью-Йорктің Madison Square Garden спорт кешенінде өтетін Головкин мен Стивенс арасындағы жекпе-жекті KazSport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Бокс кеші 3 қараша күні Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 7.00-де басталады. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: allboxing.ru