Геннадий Головкиннің Қарағандыдағы туристік кешені 2016 жылы ашылады

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Мақпал Бисембаева>
Геннадий Головкиннің Қарағандыдағы туристік кешені 2016 жылы ашылады
Фото ©️ tn.kz

Қарағанды облысында Геннадий Головкин тұрғызып жатқан спорт базасының негізгі корпусының құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтовтың айтуынша, нысан Қарқаралы ауданынан 2,5 шақырым қашықтықта, Үлкен көлдің жағасында орналасқан. Головкиннің спорт базасы орналасқан аумақ 1,9 гектарды алып жатыр. Оның 0,4 гектары жекеменшік ретінде алынған.

Екі қабатты нысан тұрғызылып бітті, жабдықталған 6 бөлмеден тұратын корпусқа қонақ қабылдай беруге болады. Келер жылы спортшылар мен демалушылар үшін бірнеше үй салу жоспарланып отыр, сонымен қатар спорт залдары, алаң мен басейн салынады.

Геннадий Головкиннің базасы спортшылар үшін оқу-жаттығу өткізетін алаңға айналады. Қарқаралы ауданы теңіз деңгейінен 815 метр биіктікте жатқандықтан, ол орта таулы болып есептеледі. Ал бұл спортшылардың маңызды сайыстарға дайындалуына жақсы әсер етеді. Аудандық әкімдіктің мәліметінше, жоба 2011-2015 жылға арналған Қарқаралы ауданының даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 2014-2015 жылдар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Головкин Қарағанды облысынан туристік кешеннің құрылысын бастағаны хабарланды. Головкин кешенді салатын жерді Қарқаралы қаласынан 2014 жылы таңдаған. Боксшы ауданы 400 шаршы метр болатын жер телімін 2 миллион теңгеге сатып алған. Жер телімі қала маңындағы "Үлкен көл" ұлттық саябағына жақын маңда орналасқан.