Геннадий Головкин Олимпиададағы шындықтың бетін ашты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Геннадий Головкин Олимпиададағы шындықтың бетін ашты
Фото ©️ en.tengrinews.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына отандасымыз Геннадий Головкин британдық «The telegraph» басылымына берген сұқбатында Олимпиададағы шындықтың бетін ашты. Бұл туралы vesti.kz сайты жазды.

БӨЛІСУ

Геннадий Головкин 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль иеленген болатын. Финалда ресейлік Гайдарбек Гайдарбековке қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілген еді. Бұл кездесу туралы боксшы араға 12 жылы сала өз ойы мен шындықты айтты.

- Ресейлік сол кезде жеңді. Шын жеңген жоқ бірақ. Алайда бәрі дұрыс. Бұл менің өмірім, менің тәжірибем. Мен бұл жарыстардың қалай өтетінін білемін", - деп мәлімдеді ол.

Геннадий Головкин финалдағы жеңілісін алдын ала білгенін айтады. Оған бұл туралы ресми өкіл хабарлаған, алайда GGG оның есімін құпия қалдырды.

- Менің есімде, жартылай финалда маған келіп былай айтты: "Алтын медальды тек бір қазақстандық алады" Мен айттым:"Жақсы. Дайынмын деп". Осыдан кейінгі айтқаны: "Алтынды сен алмайсың, бірінші орта салмақтағы спортшы алады". Мен таңғалып оған "Не? Менің ойымша, финалда қарсыласымды жеңген едім" -деді.

Екінші раундтан соң қанша ұпай болғанын білмеймін, бапкерім маған "шабуылды тоқтатпа, ұра бер" - деді. Мен "жақсы, жақсы" дедім. Егер мен сол кезде жеңгенімде бәлкім спорттық мансабымды аяқтар ма едім", - деді Головкин.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой боксқа 2006 жылы ауысқан болатын. Осы күнге дейін отандасымыз 35 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңген. Оның 32-сін нокаутпен аяқтаған. Келесі кездесуін 10 қыркүйек күні Лондонда британдық Келл Брукқа қарсы өткізеді.