WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин өз командасымен Монте-Карлоға келді, 21 ақпанда Salle des Étoiles аренасында ол 32 жастағы британдық Мартин Мюрреймен жекпе-жекке шығады, деп хабарлады inform.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірнеше күннен кейін Головкин мен Мюррей журналистерге арналған баспасөз мәслихатын өткізеді. Жұмада, 20 ақпанда ресми өлшеу рәсімі өтеді, ал жекпе-жек Астана уақыты бойынша сенбіден жексенбіге қараған түні болады.
Алдағы айқас екі боксшы үшін де кәсіби рингтегі 32-ші кездесу болмақ. Бұдан бұрынғының бәрін Геннадий жеңіспен аяқтады. Ал Мюррей 29 рет жеңіске жетіп, 1 рет жеңіліп, бір кездесуде тең түскен.
сурет: yvimg.kz